Тітіркенген ішек синдромы
Синдром подразненого кишечника Синдром подразненого кишечника
Іштің түйілуі, ауруы, үлкен дәреттің бұзылуы, іштің кебуі.
Мен бұл жағдайға неге тап болдым?

Жайсыздық біздің жоспарларымызға жағымсыз түзетулер енгізеді, сондықтан біз одан тезірек құтылуға тырысамыз. Біз түйілу мен ауыруды түйілуді басатын дәрілермен немесе ауырсынуды басатын дәрілермен, іштің қатуын — іш жүргізетін препараттармен және т. б. жазуға тырысамыз. Дәрі қобдишасында ас қорыту жүйесінің бұзылуының әр белгісі үшін препарат бар, алайда, оларды қолдану мәселені тек уақытша шешеді. Кейін жайсыздық қайта-қайта оралады, ал біз не болып жатқанын түсінбейміз.


Осы симптомдардың барлығы жеке проблема болмай, олардың бір ортақ себебі болса ше?


Тітіркенген ішек синдромы

Мұның себебі Тітіркенген ішек синдромы болуы мүмкін, бұл синдромның симптомдары халықтың 20 %-ында кездеседі 1. Бұл ауру әлемде жиі кездесетін аурулардың бірі болып саналады. Бұл ретте үлкен дәреттің бұзылуымен, яғни диареямен немесе іштің қатуымен бірге іште ауырсыну сезімдері, түйілу және газ түзілу пайда болуы мүмкін.

Неге «синдром»?

Тітіркенген ішек синдромы – нақты ауыруға тән симптомдар кешені. Яғни, осы жағдайға тән барлық белгілерге бір атау қойылады.2

Неге «тітіркенген»

Тітіркену – бұл да органның шын мәніндегі сезімін бейнелейтін әдеттегі сипаттама емес. Біз тітіркену қабынумен, күйдіру сезімімен немесе қышумен байланысты болуы мүмкін деп үйрендік. Тітіркенген ішек синдромы кезінде орган тіндердің зақымдануымен байланысты емес бірқатар ауыспалы симптомдар туралы белгі береді. (морфологиялық өзгерістер)

Симптомы СРК

Тітіркенген ішек синдромының себептері

Жағымсыз симптомдар неге пайда болады?
Бұл осыған ұшыраған кез келген адамның қоятын негізгі сұрағы шығар.

Мүмкін, олар күйзелістен пайда болған шығар?
Іштің ауруы – дұрыс тамақтанбаудың немесе ішек
микрофлорасы бұзылуының салдары болса ше?

Тітіркенген ішек синдромы симптомдарының пайда болуы бірнеше себептерге байланысты 2:

  1. 1.Тұрақты эмоциялық жүктеме: күйзеліс жағдайлары, депрессия, алаңдаушылық және шаршау.
  2. 2.Дұрыс тамақтанбау.
  3. 3.Басынан өткен АІЖ инфекциялары және бұзылыстар.

Жалпы алғанда, синдром адамның өмір салтымен тығыз байланысты деп айтуға болады. Көбінесе ол 30-40 жас аралығындағы жастар арасында кездеседі3

Тітіркенген ішек синдромының пайда болуы

Енді симптомдарды талқылайық. Әдеттегі көріністерге іштің түйілуін немесе ауруын жатқызуға болады. Ауырсыну сезімдерімен бірге үлкен дәреттің бұзылуы, яғни диарея немесе іштің қатуы қатар жүреді. Жиі жайсыздықпен бірге ішектің кебуі пайда болады.

Іштің түйілуі\ ауруы
+
Үлкен дәреттің бұзылуы,
диарея немесе іштің қатуы\іштің кебуі
=
ішек «тітіркенген».

Енді ішек неге осылайша «тітіркенетінін» толығырақ талқылайық.

Кез келген мүше сияқты оның да адам ағзасында атқаратын қызметі бар. Бұл жерде ас қорыту процесі және қоректік заттардың сіңуі жүзеге асады. Ас қорыту процесі бұзылыстарсыз өтуі үшін, ішіндегісі араласып, ішек арқылы өтуі керек. Осылайша, ол қозғалыс қызметін атқарады.

Қозғалыс ішек қабырғасының тегіс бұлшықет жасушаларының арқасында жүзеге асады. Бұл жасушалар ерекше қызмет атқарады: ішекті «қозғалысқа» келтіріп, кезек-кезек қысқарады және босаңсиды. Алайда Тітіркенген ішек синдромы кезінде ішек жұмысы бұзылады. Нәтижесінде организм ауырсыну сезімдері арқылы сигнал береді, ал тамақ іштің кебуін тудырып, тым тез немесе тым баяу жүруі мүмкін.

Ішек моторикасының бұзылуы «тітіркенген» ішек симптомдарының пайда болуына негіз болады 3 .

Тітіркенген ішек синдромы кезінде жалпы дімкәстік 4:

Бас
ауруы
Әлсіздік және
қатты шаршағандық
Ұйқының
бұзылуы
Жүрек соғуының
күшеюі
Тәбеттің нашарлауы
пайда болуы мүмкін

Тітіркенген ішек синдромын емдеу

«Тітіркенген» ішек жағдайына тап болғанда, симптомдарды бір проблемаға біріктіру қиынға соғады. Жайсыздықтан құтылудың жолы осыған байланысты. Тітіркенген ішек синдромының жеке симптомдарын емдеудің нәтижесі ұзаққа созылмайды, проблемалар қайта-қайта пайда бола береді4.

Тітіркенген ішек синдромын емдеу әдістері симптомдарды жоюға ғана бағытталған жоқ. Кешенді әрекет ету маңызды: жайсыздық әдеттегі жоспарларды бұзбау үшін жеке көріністерді жоймай, ішектің жұмысын қалпына келтіру керек.

Жағдайды тек дәрі-дәрмектермен ғана емес, өмір салтын өзгертіп те жақсартуға болады. Бірінші кезекте тамақтану тәртібі мен эмоциялық жағдайды тұрақтандыру туралы ойлануды ұсынамыз.

Жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті іздеу

Жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті іздеу - оңай шаруа емес.

Күйзеліс жағдайларынан аулақ болып, проблемаларға байсалды қараған дұрыс.

Дұрыс диета

Тітіркенген ішек синдромын емдеуді дұрыс диетаны сақтаудан бастау керек. Бұл – өзін-өзі сезінуді жақсартудың және аурудың жағымсыз белгілерінің алдын алудың маңызды шарты.

Бұл ретте диетаға бұл сөздің әдеттегі түсінігінде дайындалудың қажеті жоқ. Тітіркенген ішек синдромын емдеу үшін тамақтанудың арнайы сызбасы қолданылады, ол рациондағы құрамында көп мөлшерде майлар мен көмірсулар бар азық-түліктерді азайтуды көздейді. Тамақтанудың бөлшектік режимін сақтау үшін тәртіптің болуы, сондай-ақ қолайлы рационды құру үшін ағзаның нақты бір өнімдерге реакциясын бақылау маңызды. Мұнда тамақ күнделігін пайдалану көмектесуі мүмкін.

Тамақтанудың дұрыс режимінің арқасында ішекке көмектесуге болады. Тек кейбір өнімдердің (бұршақ түрлері, сүт, орамжапырақ) салдарынан ашу пайда болатынын есте сақтаңыз. Тітіркенген ішек синдромы симптомдарын қайта тудырмау үшін олардан бас тарту немесе оларды пайдалануды шектеу керек.

Дәрі-дәрмектік терапия

Тітіркенген ішек синдромын емдеген кезде, әрдайым дерлік, әсіресе өмірдің әдеттегі ырғағының бұзылуына іштің түйілуі мен ауруы, үлкен дәреттің бұзылуы, іштің кебуі себеп болған кезде препараттар тағайындалады. Әрине, бұл дәрілік препаратты қабылдау – синдромды емдеудің жалғыз тәсілі дегенді білдірмейді. Істен шығуды тудыратын көптеген сыртқы факторларды өмірден бір сәтте алып тастау мүмкін емес. Күйзеліс немесе дұрыс тамақтанбау болсын – өзін және өмір салтын жақсарту үшін ұзақ уақыт жұмыс істеу керек. Мұны ішектің қайталанатын жағымсыз симптомдар арқылы «тітіркенуіне» жол бермейтін бермейтін сенімді көмекшісі болған кезде істеу әлдеқайда оңай.

Тітіркенген ішек синдромын сәтті емдеу үшін, препараттар кешенді тәсілді қамтамасыз етуі, яғни бірден бірнеше симптомдармен күресуі – іштің түйілуі мен ауруын, үлкен дәреттің бұзылуын немесе іштің кебуін жоюы тиіс. Бұған тек препараттың моторикаға қалпына келтіру әсері болғанда қол жеткізуге болады. Моториканы қалпына келтіру курстық қабылдауды талап етеді, яғни дәрілік препарат курстық қолдану үшін қолайлы қауіпсіздік профиліне ие болуы тиіс.

1. Дүниежүзілік гастроэнтерологтар ұйымының мәліметтері бойынша, ТІС-тен әлемдегі адамдардың 9-23 %-ы зардап шегеді. World Gastroenterology Organization Global Guideline 2015 2.Spiller R, Aziz Q, Creed F, et al. Guidelines on the irritable bowel syndrome: mechanisms and practical management Gut 2007;56:1770–98. 3. Шептулин А.А. Современные представления о синдроме раздраженного кишечника РМЖ. №12. 2001 г. С.538 4. Минушкин О.Н., Елизаветина Г.А., Ардатская М.Д. Лекарственная терапия функциональных расстройств кишечника и желчевыводящей системы, протекающих преимущественно с абдоминальными болями и метеоризмом. Клиническая фармакология и терапия.2002;1:24:26