Толығырақ симптомдар
Синдром подразненого кишечника

Толығырақ симптомдар туралы
Тітіркенген Ішек Синдромы

Ішек дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қабырғаларының тегіс бұлшықет жасушалары сау тонуста болуы тиіс.
Кез келген бұлшықет сияқты олар бір қалыпты қысқарып, босаңсуы тиіс.5

Ішек жұмысының бұзылуы тегіс бұлшықет жасушаларының тонусы бұзылған кезде, яғни олар түйілумен «қысылған» және босаңси алмайтын кезде орын алады.
Нәтижесінде ішек қабаттарының жұмысы үйлестірілмеген және ішіндегісі өтпей, іштің қатуы пайда болады немесе тым тез қозғалып, диареяға әкеледі. 5,6

«Тітіркенген» ішек симптомдары – ішек жұмысы (моторикасы) бұзылыстарының пайда болуы.
Ішек жұмысын қалпына келтірген жағдайда, жағымсыз симптомдар дағдылы жоспарларды бұзбайды.3,5,6,7

Ішек тітіркенген
=
Жұмысы
(ішек моторикасы) бұзылған
Ішек жұмысын
қалпына келтіру маңызды

Түйілу - ішектің тегіс бұлшықет жасушаларының күрт қысқаруы, одан кейін босаңсу орын алмайды. Бұл ретте адам жағымсыз, өткір ауырсыну сезімдерін сезеді. Тітіркенген ішек синдромы кезіндегі аурулар жиі қысқа мерзімді болады, қарқындылығы, сипаты және орналасуы бойынша өзгеріп тұрады. Олар ұзақ уақытқа жоғалып, диета бұзылғаннан кейін, эмоциялар пайда болған кезде, жүйке және физикалық шаршау салдарынан қайтадан пайда болуы және күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, түнде ауырсынудың және басқа симптомдардың дерлік болмауы тән.

Іштің қатуы мүше қабырғалары ішіндегінің қажетті жылжуын қамтамасыз ете алмайтын кезде пайда болады.

Іштің кебуі көбінесе іштің қатуымен қатар жүреді. Тамақтың іште ұзақ уақыт бойы болуы ашу, газ бөлу процестерін және, соның салдарынан, кебу сезімін тудырады.

Диарея (іш өту) - моторика күшеюінің салдары. Қабырғалар қатты қысыла бастағанда, ішіндегісі оның бойымен тым тез қозғалады.

Түйілуді (тегіс бұлшықет жасушасының гипертонусы) жою үшін әдетте түйілуді басатын препараттар тобы қолданылады. Алайда, барлық түйілуді басатын препараттар бірдей емес. Оларды 2 топқа бөлуге болады8:

Жүйелік

Яғни, көмекті қажет ететін мүшелерге қарамастан, барлық ағзаға түйілуді басатын әсер ететін дәрілер.

Селективтік

Яғни, ағзада нүктелі түрде әрекет ететін және нақты бір әсер ету нүктесі бар (мысалы, ішек) дәрілер.

Селективтік препараттар өзінің нүктелік әсері есебінен басқа мүшелер мен жүйелердің жұмысын бұзбайды, сондықтан оларды ұзақ уақыт қолдануға болады.8 Бұл мұндай препараттардың жоғары қауіпсіздігін дәлелдейді.

Минушкин О.Н., Елизаветина Г.А., Ардатская М.Д.  Лекарственная терапия функциональных расстройств кишечника Hou X. et al. Quality of life in Patient with IBS, assessed using the IBS-quality of life measure after 4 and 8 weeks of treatment with Mebeverine Hydrochloride or Pinaverium Bromide: results of an international prospective observational Cohort Study in Poland, Egypt, Mexico and Chins. Clin Drug Investig Clin Drug Investig (2014) 34:783–793 Шептулин А.А. Современные представления о синдроме раздраженного кишечника РМЖ. №12. 2001 г. С.538 Парфенов А.И. Эволюция взглядов на патогенез и терапию хронического запора. РМЖ №28, 2011. стр.1746 Л.М. Пасиешвили Синдром раздраженного кишечника: современный взгляд на проблему. Тактика ведения больных врачом общей практики. Consilium Medicum http://www.consilium-medicum.com.ua/issues/1/46/373/ Н.А. Агафонова, Р.С. Назарбекова, А.В. Яковенко, Э.П. Яковенко Эффективность мебеверина гидрохлорида в коррекции моторных нарушений кишечника. РМЖ. Болезни органов пищеварения. – 2005. – том 7. – № 2. – с. 101–104. Маев И.В., Черемушкин С.В. Синдром раздраженного кишечника. Римские критерии III // Consilium medicum 2007. № 1.